Неймар «Әл-Хилал» командасына ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Неймар «Әл-Хилал» командасына ауысты

16.08.2023

Әлемнің үздік футболшыларының бірі Неймар Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасына ауысты. 31 жастағы бразилиялық шабуылшы бұған дейін франциялық «Пари Сен-Жермен» клубының сапында болған еді. Екі жылдық келісімшартқа сай, Неймар 320 миллион еуроға жуық табыс табады.

Ал «Пари Сен-Жермен» бұл трансфер үшін 90 миллион еуро алды. Неймар Париж клубында 173 ойын өткізіп 118 гол соққан. 5 рет Әлем чемпионатында жеңіс сапынан көрінді. Айта кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының футбол лигасына Криштиану Роналду, Бензема секілді алтын доп иегерлері ауысқан еді.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу