Криштиану Роналду келесі маусымдағы мансабын «Әл-Насрда» жалғастыратынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналду келесі маусымдағы мансабын «Әл-Насрда» жалғастыратынын мәлімдеді

02.06.2023

Сауд Арабиясынан біресе кетемін, біресе қаламын деп елді шулатып жүрген Криштиану Роналду бір тоқтамға келді. Португалиялық футболшы келесі маусымдағы мансабын «Әл-Насрда» жалғастыратынын мәлімдеді. Ақпарат ресми! Өзін Сауд Арабиялық клубта бақытты сезініп жүрген ол клуб осы даму қарқынынан таймаса, әлемнің үздік бестігіне енеді деген пікірде. Клуб демекші, «Forbes» журналы әлемдегі қымбат командалардың рейтингін жариялады. Көш басында испаниялық «Реал Мадрид». Клуб құны - 6,07 млрд доллар. Екінші орындарда 6 миллиард доллармен Англияның «Манчестер Юнайтед» командасы тұр. Үздік үштікте «Барселона». Футбол командасының бағасы 5,51 миллиард доллар. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу