Криштиану Роналду «аль-Насрмен» келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтатуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналду «аль-Насрмен» келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтатуды жоспарлап отыр

23.05.2023

Танымал футболшы Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтатуды жоспарлап отыр. Шетелдік басылымдардың жазуы бойынша португалиялық аяқ доп шеберінің мұндай шешім қабылдауына Сауд Арабиясындағы инфрақұрылымның дамымай қалғандығы себеп дейді. Егер Роналду келісім шартты бұзса, ФИФА ережесіне сәйкес, клубқа қалған екі жыл үшін өтемақы төлеуі керек. Регламентте ойыншыға қатысты санкциялар да қарастырылған. Роналду Сауд Арабиясының клубында 1 қаңтардан бері ойнайды. 38 жастағы ойыншы осы уақытқа дейін 17 матчқа қатысып 13 гол салған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу