Шымкентте баланың миынан бір уыс құрт шықты
Шымкент қаласында дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алды. Науқасқа балалар клиникалық ауруханасында ота жасалып, миындағы эхинакокк кистасы хирургиялық жолмен алып тасталды. Күрделі операция екі сағатқа созылды. Отадан кейін бір аптаға жуық ауруханада ем алған науқасты дәрігерлер кеше үйіне шығарды. Қазір бала жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында. Ақ халаттылардың сөзінше, бас миында эхинакокк құртының болуы сирек кездесетін диагноз. Көбіне мұндай құрт тәріздес киста - бауыр мен өкпеде болады екен. Дәрігерлер қазір баланың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады.
Самат Көкшікбаев, қалалық Клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургі:
Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинакокк кистасы алынды. Балаға МРТ арқылы анықталған дигноз. Балада бас ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00