БҚО-да кене малға киіктен жұқпаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да кене малға киіктен жұқпаған

12.04.2023

Кене малға киіктен жұғып жатыр деген қате пікір. Мұны бүгін Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы айтты. Бұған дейін Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарының шаруалары киік кене таратып жатыр деп мәселе көтергенін айтқан едік. Мамандардың айтуынша, күннің күрт ысуынан кене тым көбейіп кеткен. Кене киік жүретін аумақтарда ғана емес, барлық 12 аудан мен қаладағы орман-тоғайда да таралған. Биыл зиянкестермен күреске облыстық бюджеттен 26 млн теңге бөлініп, 21 мың ірі қараға кенеге қарсы дәрі қолданылды. Мамандар сондай-ақ, ертеңнен бастап киік санағы басталатынын айтты.

Нұрлан Рахымжанов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

Кейбір пікірлер бар: «кененің тарауы - бұл киіктен» деген. Біз ресми түрде ол дұрыс емес мәлімет деп айтқымыз келіп отыр. Ғалымдар да өзінің пікірін айтып отыр. Барып келген практиктер бізге осылай мәлімет беріп отыр. Көп жерде кене үй жануарларында бірінші пайда болады.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу