Ақтөбеде жүзге жуық тұрғын үш жыл пәтер ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жүзге жуық тұрғын үш жыл пәтер ала алмай жүр

07.04.2023

Ақтөбеде жүзге жуық тұрғын құрылыс компаниясына алдандық деп шағымданды. Жаңа үйден баспана алу үшін миллиондап ақша салғандар, үш жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр. Мердігер мекеме басшыларының бірі істі болған. Тағы бірінің салғырттығынан құрылыс тоқтап қалған. Облыс әкімдігі мәселені шешу үшін Маңғыстау облысынан жаңа инвестор тауып әкелген. Алайда ол компания келе сала кедергілерге тап болып, құрылыс жүргізуге заңды құжаттарын ала алмай жүр. Осылайша екі ортада салымшылар зардап шегіп отыр.

Ербол Өтеулин, салымшы:

Үш жыл кетті. Бұл үйді ала аламыз ба, ала алмаймыз ба деп әлі қорқынышпен отырмыз. Бірақ ақшаны беріп тастадық. Пәтерде жүргендер бар ортамызда. Олардың да үйі жоқ, олар да қорқынышпен отыр.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл мәселе құқық қорғау органдарының араласуымен жуық арада шешілуі тиіс. Жалпы облыс орталығында құрылысы тоқтап немесе кешеуілдеп жатқан осындай 11 үй бар. Бұл нысандардың барлығына жаңа инвесторлар тартылған.

Нағымжан Алдияров, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

Инвесторлар қазір өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның ішінде осы қазір келіп тұрған тұрғындардың үй құрылысы жүріп жатыр. Тоқтаған жоқ құрылыс. Енді бұл арада басты мәселе боп тұрған құжат рәсімдеу. Қалғандарында да мәселелер бар. Бұл арада қылмыстық іс болғаннан кейін қылмыстық іс біту керек.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу