Канадада 1 млн адам жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада 1 млн адам жарықсыз қалды

07.04.2023

Канаданың Онтарио және Квебек провинцияларында дүлей дауыл көтерілді. Одан ағаштар құлап, көліктерге зақым келді. Жолдар жабылған. Бұған қоса қар аралас жаңбыр жауды. Табиғи апаттан 1 миллионнан аса тұрғын электр жарығынсыз қалды.

Джастин Трюдо, Канада Премьер-Министрі:

Дауыл соққы берген аймақ тұрғындары қиын жағдайда қалды. Абай болу қажет. Мұндай қиын сәтте бір-бірімізге қолын ұшын созған маңызды. Үкімет мүшелерімен бірге қандай көмек көрсету қажет екенін талқылаймыз.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу