Жапонияда зілзаладан 5 млн. тұрғын жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда зілзаладан 5 млн. тұрғын жарықсыз қалды

06.09.2018

Жапонияда қуатты зілзаладан кейін 5 миллионнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалды. Соңғы деректерге сай, табиғи апаттан 2 адам қаза тауып, 32-сі із-түзсіз жоғалып кеткен. 120 тұрғын жараланды.

Қуаты 6,7 баллдық дүмпу елдің солтүстігіндегі Хоккайдо аралында болды. Одан кейін лай көшкіні жүріп, ғимараттар құлаған. Кейбір аудандарда су жүйесі де істен шықты. Сақтық шарасы ретінде атомдық электр станциялары төтенше жағдайлардағы резервтік қуатына көшірілді. Сонымен қатар, аралға қатынайтын пойыздар да тоқтап тұр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу