Аргентинада 20 млн тұрғын жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада 20 млн тұрғын жарықсыз қалды

02.03.2023

Аргентинаның көп бөлігінде жарық өшті. Бұған желіде өрт тұтануы себеп болған. Елде күн ысып, электр қуатына деген сұраныс артты. Осының салдарынан электр желілері қысымға шыдай алмаған. Буэнос-Айрес, Санта-Фе, Кордова тәрізді бірнеше ірі қаланың тұрғындары қараңғылықта қалды. 20 млндай адам жарықсыз отыр. Ақауға байланысты пойыз қозғалысы тоқтаған. Аптап ыстықта бұл кідіріс жолаушылар үшін де қиынға соғып отыр. Бұған қоса ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі істен шыққан.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу