АҚШ-та ауа райының қолайсыздығы 90 млн адамды әуреге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ауа райының қолайсыздығы 90 млн адамды әуреге салды

11.01.2024

Америкада қыс қарқарына мінді. Боранды дауыл миллиондаған американдықтың күнделікті тұрмыс тірішілігіне қауіп төндіріп тұр.

Солтүстік-Шығысқа қарай орналасқан 90 млн-нан астам адам қатты жел мен толассыз жаңбырдан зардап шеге бастады. Жүздеген үй мен көлік, тас жолдар су астында қалды. Нью-Йорк, Филадельфия, Бостон сияқты ірі қалалардың қозғалысына да тасқын кедергі келтіріп жатыр. Сағатына сексен шақырым жылдамдықпен соққан жел салдарынан электр желілерін үзіліп, 500 мыңға жуық үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу