Канадада алапат дауыл соғып, миллионға жуық үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада алапат дауыл соғып, миллионға жуық үй жарықсыз қалды

23.05.2022

Канаданың оңтүстігінде алапат дауыл соғып, миллионға жуық үй жарықсыз қалды. Циклоннан Онтарио және Квебек провинциялары қатты зардап шеккен. Ағаштар құлағанда 4 адам, Оттава өзенінде қайық аударылғанда бір әйел қаза тапты.

Сұрапыл жел сағатына 132 шақырым жылдамдықпен соққан. Оның екпінінен электр сымдары үзіліп, үйлер зақымданып, көлік қатынасы тоқтады. Ал, төтенше жағдай қызметінен көмек сұрағандар күрт көбейіп отыр.

Қазір өрт сөндірушілер мен коммуналдық мекеме мамандары энергия жүйесін қалпына келтіріп, елді мекендер мен қалаларға жарық беруге күш салып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу