Басты Жаңалықтар Президент Бас мүфтиді қабылдады

Президент Бас мүфтиді қабылдады

Бұдан соң Президент Бас мүфтиді қабылдады. Наурызбай қажы Тағанұлының сөзінше, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы биылғы жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялаған. Сонымен қатар, ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыруды жоспарлағанын жеткізді. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтты. 

Шерхан Жамбылұлы

Бөлісу