Басты Жаңалықтар Партиялар арасында теледебат өтеді

Партиялар арасында теледебат өтеді

Бүгін Хабар телеарнасында Орталық сайлау комиссиясының тапсырысымен партиялар арасында теледебат өтеді. Бұған дейін жұртшылық екі пікірсайысты тамашалады.Оның алғашқысы Ұлттық арнада, екіншісі КТК телеарнасында өтті. Бүгінгі сөзжарыс 3 кезеңнен тұрады. Әуелі қатысушылар/ партияның мақсаты туралы мәлімет беріп, қарсыластарына сұрақ қояды. Екінші раундта/ қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламасы аясында, Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жағынан қалай дамытатыны туралы айтады. Одан кейін Call орталыққа/ көрерменнен келіп түскен сұраққа жауап береді.Үшінші раундта партия өкілдері «Сайлаушыларға үндеу» жасайды. Пікірсайысқа барлық 7 саяси ұйымның өкілдері қатысады. Теледебат сағат 20:00-де басталады.

Шерхан Жамбылұлы

Бөлісу