Қостанай облысында жаттықтырушылар 6,5 млн теңгені жымқырған
Қостанай облысының Лисаков қаласында үш жаттықтырушы 6,5 млн теңге мемлекет қаржысын жымқырған. Бұл туралы прокурорлардың жоспарлы тексеруі кезінде анықталды. Олар бірнеше рет оқушыларды баскетболдан жарысқа апарғандары туралы жалған құжат дайындаған. Іс жүзінде балалар ешқайда бармаған, ал іс-сапарға бөлінген ақшаны жаттықтырушылар өзара бөлісіп отырыпты. Шығынды толық өтеп, тараптардың татуласуына байланысты екі жаттықтырушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ал, үшіншісіне сот 3 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу туралы үкім кесті.
Нұрсұлтан Сатыбалдин, облыстық прокуратура өкілі:
Бұдан басқа 2022 жылы Қостанай облысы прокурорларымен осыған ұқсас қаржы жымқыру фактісі бойынша тағы төрт іс тіркелді. Екі іс қазір тергеуде, тағы екі іс сотқа жолданды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08