Алдағы сайлауға 793 халықаралық байқаушы тіркелген
Алдағы жексенбі күні өтетін Мәжіліс және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға, халықаралық қауымдастық үлкен үміт артып отыр. Сыртқы істер министрлігінде өткен жиында, дипломаттар мен халықаралық ұйым өкілдеріне сайлауға дайындық барысы туралы баяндалды. Саяси науқан елдегі реформаларды түйіндейтін елеулі оқиға болмақ.
Дэниел Розенблюм, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
Біз Президенттеріңіз қолға алған реформаларды жан-жақты қолдау білдіруге әзірміз. Бұл сайлау парламенттің құзіретін күшейтуі мүмкін. Олай болу үшін сайланған депутаттардың жеке пікірі, тәуелсіз ойы болуы шарт.
Рубем Антонио Корреа Барбоза, Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
Сайлау – сіз өзіңіз сенім артқан адамды сайлап алуға мүмкіндік беретін жақсы мүмкіндік. Менің ойымша Президент Тоқаев мырза да реформалар арқылы жаңа леп әкеліп, өзгеріс енгізуді мақсат етіп отыр.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, алдағы сайлауға 793 халықаралық байқаушы тіркелген. Жалпы 41 мемлекеттен байқаушылар келеді. Олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Түркі мемлекеттері, ТҮРКПА, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және тағы басқа шетелдік ұйымдардың өкілдері бар.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29
Ыстанбұлда «Ұлы даланың рухы» атты сурет көрмесі ашылды
05.11.2025, 10:26
Есірткі қылмысына қатысты 900-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
05.11.2025, 10:08
Бельгияда дрондарға байланысты екі әуежай жабылды
05.11.2025, 10:07
АҚШ-та 144 мың литр отын тиеген ұшақ апатқа ұшырады
05.11.2025, 10:06
Маңғыстауда мысық тістеген тұрғын құтырма ауруынан көз жұмды
05.11.2025, 10:05
Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді
05.11.2025, 10:03
Қарағандыда қысқы дөңгелексіз жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды
05.11.2025, 10:02