Елордалық бочча федерациясының бірінші президенті және Паралимпиадалық осы спорт түрінен алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған жарыс өтті. Додаға 50-ден астам спортшы қатысты. Олардың арасында балалар мен ересектер бар. Мұндай үйірмелер «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасы аясында еліміз бойынша ашылған болатын. Бочча – доппен ойнайтын сайыс түрі. Оған тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар қатысады. 1984 жылы Паралимпиадалық ойындардың бағдарламасына қосылған. Қазақстанда 2018 жылдан бері қолға алынды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Спорт саласында да инклюзивті ортаны қалыптастыруымыз керек. Спорт деген тек физикалық тұрғыдан даму ғана емес, балалардың, үлкен адамдардың дамуына, қажырлығының ары қарай шыңдалуына үлкен әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан, ары қарай осы бочча спорт түрін дамытатын боламыз.
Лейла Амандықова, жеңімпаздың анасы:
Бұл жарыста бірінші орын алдық. Жарысқа жиі дайындалдық. Жаттығуға үнемі апарымыз. Балаға өте ұнайды, өте көп достары бар. Өте қуаныштымыз.
Азамат Бейбітұлы