Б.Сапарбаевты еске алуға арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сапарбаевты еске алуға арналған конференция өтті

16.02.2024

«Бердібек Сапарбаев тұлғасы: дағдарыс-менеджер феномені». Астанада осындай атаумен мемлекет және қоғам қайраткерін еске алуға арналған республикалық конференция өтті. Жиынға Бердібек Мәшбекұлымен қызметтес, үзеңгілес болған қоғам, мемлекет қайреткерлері, Парламент депутаттары, ғылыми-мәдени қауымдастықтардың көрнекті өкілдері қатысты. Олар халқына қадірлі, елеулі тұлғаның өмір баянын, еңбек жолын және артында қалдырған мұрасын зерделеп, насихаттау жағын талқылады. Ал, Парламент Мәжілісінің төрағасы – Ерлан Қошанов мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Қазақстанның 5 өңірін басқарған білікті басшының еңбек жолы жастарға үлгі деді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:

«Ол әрі жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетеушілік етіп парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі мен адал қызметі жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге» - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын барысында Бердібек Сапарбаевқа арналған екі бірдей кітапттың тұсауы кесілді. «Өнегелі өмір» деп аталатын туындыда мемлекет және қоғам қайраткерінің жеткен жетістіктері, мақалалары, өміріне қатысты тың мәліметтер енгізілген. Ал, «Ерен де берен Бердібек» кітабына Бердібек Мәшұлының 130-ға жуық замандас, үлеңгілестері ол туралы өз естеліктерін жазған.


Хабарламаларға жазылу