Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды

31.03.2015
Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды

Түркістан қаласында бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

Турнирге алыс-жақын шетел былғары қолғап шеберлері қатысуда. Жарыс түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт сарайында өтуде.

Халықаралық жарыс 4 сәуір күні аяқталады.

Еске сала кетейік, 4 сәуір – қазақтан шыққан бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні. 

Хабарламаларға жазылу