Қазақстан журналистері Грузияда топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан журналистері Грузияда топ жарды

01.11.2022

Қазақстан журналистері Грузияда топ жарды. Тблисиде атақты спорт комментаторы Котэ Махарадзені еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан халықаралық турнир өтті. Доп додасында біздің журналистер құрамасы жеңімпаз атанды. Спорттық бәсекеде жарыс қожайындарынан бөлек, Румыния, Армения, Молдова, Әзербайжан және Қазақстаннан қос бірдей команда бақ сынады. Алматылық әріптестер топтық кезеңнен әрі аса алмады. Есесіне астаналық журналистер өз тобында Молдовамен тең түсіп, Арменияны 2-1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Әзербайжан құрамасынан басым түсті. Ал финалда Грузия спортшыларымен алаңға шықты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталған. Алайда пенальти сериясында қазақ журналистері мүмкіндікті мүлт жібермеді.  

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу