Қарттар үйінде жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар үйінде жарыс өтті

20.06.2014
Қарттар үйінде жарыс өтті
 
Алматы қалалық ардагерлер үйінде ІІ Дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған спорт түрлерінен жарыс өтті. 
 
Спорттық шараға ардагерлер үйінің тұрғындары мен қызметкерлері қатысып, жеңіл атлетика, дойбы және шахматтан өзара сынға түсті.
 
«Бұл ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құштарлығын оятады»,  дейді қызметкерлер. 
 
Сағатбек Отарбаев, Ардагерлер үйінің тұрғыны:
Арбамен бірінші рет жарысып тұрмыз. Бірінші келдік. Жалғыз мен емес, ардагерлер үйінің басшылары да қуанып, қолпаштап, құттықтап жатыр. Соған ризамын. 
 
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу