Талдықорғанда науқанға дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда науқанға дайындық пысықталды

23.02.2023

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Жетісу облысында жергілікті сайлау комиссия төрағаларымен кездесіп, алдағы саяси науқанға дайындықты пысықтады. Алдағы саяси науқан бұрын өткен додалардан өзгерек болмақ. Сондықтан жер-жерде семинар-тренингтер ұйымдастырылып, бұл сайлаудың артықшылықтары түсіндірілді. Ең бастысы әрбір комиссия мүшесі кәсіби қызмет көрсетіп, сайлаушы мен кандидаттың құқықтарының бұзылуына жол бермеу керек. Жалпы Жетісу облысы бойынша сайлауға барлығы 11 аумақтық, 145 округтік және 458 учаскелік сайлау комиссиясы қатысады. 3800-ге жуық комиссия мүшесі жұмыс істейді. Ал сайлушылар саны шамамен 450 мың адам. 

Хабарламаларға жазылу