Жылыту маусымына дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылыту маусымына дайындық пысықталды

23.09.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин жылыту маусымына дайындықты уақытылы аяқтауды тапсырды. Үкімет отырысы кезінде өңірлердің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы талқыланды. Жергілікті атқарушы органдар 10 623 қазандықтың 10 606-сын жылыту маусымына әзірлеген. Сондай-ақ жоспарланған 4 990 шақырым жылу желілерінен ағымдағы кезеңде 4 943 шақырымы немесе 99,1% жөнделді. Білім беру мен денсаулық сақтау нысандары да жылыту маусымына әзір, - дейді билік өкілдері. 

Ғабит БӨКЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу