Сайлау алдындағы дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау алдындағы дайындық пысықталды

10.08.2020

Бүгін түнгі сағат 12-де Сенат сайлауына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары тоқтайды. Саяси науқанның соңғы дайындықтарын пысықтаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы осылай деді. Өңірлердегі құрылымдардың мәліметіне сәйкес, тізімге 46 үміткер енгізілген. Оның 12-сі өздерін тіркеуден шығару туралы өтініш берген. Берік Имашев сайлау кезінде санитарлық қауіпсіздік мәселесіне де ерекше мән берілгенін айтты. Естеріңізге салайық, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы 12 тамызға белгіленген. 

Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу