Жерінің көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамсыз, таулы аймақ құрайтын көрші Қырғыз елі азық-түлікпен ішкі нарықты ғана емес, көршілеріне де экспорттап келеді. Агросекторды дамытуға мемлекет тарапынан қабылданған шаралар септігін тигізген. Оның ішіне өңделмеген өнімді сыртқа сатуға енгізілген шектеулер мен салықтық жеңілдіктер, шаруаларды оқыту мен қаржылай қолдау жатады. Сонымен қатар шеттен келетін ауылшаруашылығы техникасына алымдардың аз болуы да ауыл шаруашылығына көмек болған. Бұл туралы Ұлттық арнаға берген эксклюзив сұқбатында Қырғыз республикасы экономика және коммерция министрінің орынбасары айтып берді.
Айнұр Үсенбекова, Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрінің орынбасары:
Біз кеден бажы саясаты бізде, салық саясаты бізде. Жалпы регистрацияны біз қараймыз. Жеңілдетілген ба? Рынокқа жеңіл кіріп, жеңіл жүргенге. Осы шарт бар. Басқа шарт жоқ.
Серік Селеубай