Түркістан облысында 190 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді
Түркістан облысында тасқын судан болған қауіп әлі сейілер емес. Бүгін түнде Түркістанның іргесіндегі Шаға ауылында тұрғындар эвакуацияланды. Ал, Арыс қаласында құтқару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Қарғын су Сауран ауданына қарасты Шаға елдімекеніне кірді. Мамандардың айтуынша су «Шаға» жасанды көлі арқылы «Түркістан» магистралды каналына құйылып жатыр. Жиналған су көлемі 7 текше метрдей. Түнгі сағат онға дейін бұл аумақтан 190-ға жуық тұрғын эвакуацияланды. Суды бөгеу жұмыстарына құтқарушылар мен арнайы техникалар жұмылдырылып, автобустар көмекке шақырылды.Өңірге төтенше жағдайлар министрі келді. Дәл қазір арнайы құрылған коммисияның жиыны өтіп жатыр. Ал, Арыс қаласында Қабылсай табиғи арнасы суға толып, халықты әбігерге салды. Түні бойы қала тұрғындарымен бірге 200-ден аса әскери қызметкер суды тоқтату жұмыстарына атсалысты. Бұдан бөлек Кентау қаласына қарасты Ораңғай, Құсшы ата ауылдарында көшелерден су қашырту жұмыстары жүргізілуде. Елдімекендердің шет жақтары бөгеліпп, судың бағытын бұрып жатыр.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03