Аяз салдарынан Алматыда 200-ден астам адам ауруханаға түскен
Алматыда көктайғақтан құлап, дәрігер көмегіне жүгінгендер саны 200-ден асты. Олардың басым бөлігі түрлі дене жарақатын алған. 11 тұрғынды үсік шалған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Олардың мәліметінше, жыл басынан бері қатты аязда үсіп қалған бір адам көз жұмды. Оның тұрғылықты мекенжайы болмаған. Дәрігерлердің сөзінше, аяз кезінде сыртқы киім мен аяқ киімге ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, суық күндері бірінші кезекте балалар мен қарт кісілерді үсік шалуы мүмкін. Сондықтан мамандар аяз күндері сыртта көп жүрмей, барынша сақтануға кеңес беріп отыр.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42