Ақтөбе облысында биылдан бастап құс шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі. Себебі өңірдегі құс өнімдерінің 90 пайызға жуығы сырттан әкелініп жатыр.
Биыл жобаға 3,5 млрд теңге бөлінді. Қазір мамандар ауыл-ауылды аралап, құс шаруашылығын дамыту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені, іс бастағысы келсе де, қыр-сырын білмегендіктен құс өсіруден тартыншақтайтындар көп. Былтыр «Ауыл аманаты» жобасына 3 млрд теңге бөлініп, 24 ауылды қамтыған еді. Олардың арасында Мәртөк ауданының Қаратоғай, Тәңірберген ауылдары да бар. Алайда, тұрғындардың дені өсімдік шаруашылығын таңдаған. Биыл аудандағы тағы екі елдімекенге басымдық беріліп отыр. Себебі, мұнда кәсіп бастаймын дегендер баршылық. Қазір өтінімдер қабылданып жатыр.
Медет Бекжанов, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі:
Қазір халықтың құлағына жеткізіп жатырмыз, бағдарламаның тиімділігін, пайызының төмендігін. Соның арқасында қазір 18 тұрғындардын өтініштері қаралып, СПК-ға жолданды. Біреуі тексерістен өтіп, мақұлданып келіп тұр.
Жақсыбек Кемал