Басты Жаңалықтар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына кешенді тексеріс жасалмақ

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына кешенді тексеріс жасалмақ

Апаты жиілеп, жұмысшылар мерт болып жатқан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына кешенді тексеріс жасалмақ. Оның кестесі бекітіліп, мекеме өкілдеріне хабарланды. Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов компанияның вице-президенті Виджай Гоялмен кездесті. Үкімет басшысының сөзінше кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін, халықаралық тәуелсіз мамандар шақырылады. Қараша айынан бері өндіріс орнында бірнеше төтенше жағдай болып, кемінде 7 адам жұмыс орнында көз жұмды.

Шерхан Жамбылұлы

Бөлісу