Тәуелсіздік жылдары сыртқы және ішкі саясатта маңызды оқиғалар аз болған жоқ. Кейінгі екі жылда ірі саяси реформалар жүзеге асты.
2021 жыл. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етті. 10-қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өтті. 19-қаңтарда коронавирусқа қарсы вакциналау паспорты енгізілді. 26-сәуірде қазақстандық вакцина - «QazVac» екпесінің алғашқы партиясы салына бастады. Осы жылы азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өз қажетіне жұмсауға рұқсат берілді.
2022 жыл. 5-маусымда Ата заңға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Азаматтардың 77,18 пайызы Конс¬титуцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізуді қолдады. 14-15 қыркүйекте елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-съезі өтті. Оған Рим Папасы Франциск қатысты. 20-қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, қайта сайланды. Ұлықтау рәсімі 26-қарашада өтті.
Дарын Сағитов