Елордада бірінші рет гастрономиялық фестиваль өтіп жатыр. Оған қаланың 30-дан кәсіпкері қатысуда. «Astana food fest» келушілерге бірқатар елдің ұлттық тағамдары мен тәтті десерттерін ұсынады. Сонымен бірге қалалық кәсіпкерлерді қолдау басқармасы орталық арқылы Астанаға келетін туристердің саны да көбейетінін айтады.
Дәмді тағамдар, көңілді орта, мерекелік атмосфера. Қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған «Astana food fest» фестиваліне бес мыңнан аса адам келеді деп жоспарланған. Инвестицилар және кәсіпкерлікті дамыту басқарма басшысының айтуынша, мұндай мекемелер туризмнің дамуына, жастарды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді.
Ержан Балтаев, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:
Бизнес және басқа да туризм дамып жатса, осы гастротуризмді де дамытуға өзіміз де бел буып отырмыз. Сол бағытта жұмысымыздың алғашқы фестивалін өткізіп, жастарды осындай жұмысқа жұмылдырып. Сонымен қатар мейрамхана ашқан бізнесмендер тәжірибесімен бөліседі.
Фестивальге қатысып жатқан кәсіпорындар тұтынушылар үшін өз брендін таныстырып, сату көлемін де ұлғайта алады. Кәсіпкер Руслан Абашов мұндай іс-шараның Астанада өтіп жатқанына қуанышты. Ол келушілерге арнап екі елдің асханасын ашқан.
Руслан Абашев, кәсіпкер:
Иә, бұл өте қызықты алаң. Нарықта жүргенімізге 5 жыл болды. Мен Астанада бірінші рет гастрономиялық орталық ашылғанына қуаныштымын. Біз Америка және Қытай асханасын аштық. Қалаға мұндай жер ауадай қажет болатын. Мұндай фестивальдер жиі өтіп тұрғанын қалаймын. Келесі жылдың жазында бұдан да ауқымдырақ болса екен деймін. Қонақтарға бұл жердің ұнайтынына сенімдімін.
Ұйымдастырушылар мұндай фестивальдерді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шара ертең де жалғасады.
Асылбек Данияр