Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы екі есе артқан
Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы екі есе артып, 500 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Литвалық әріптесі Габриэлюс Ландсбергиспен кездесу барысында айтты. Биыл қос елдің дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына - 30 жыл.
Литва Қазақстанның Балтық аймағы мен ЕуроОдақтағы сенімді серіктесіне айналған. Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс нығайып, 30-ға тарта салада ынтымақтастықтың құқықтық негізі қаланды.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:
Бүгінде қазақстандық нарықта 170-ке жуық литвалық компания бар. Өз кезегінде Литвада Қазақстанның қатысуымен ондаған компаниялар жұмыс істейді. Ұшқыштарды даярлау, электроника және медициналық жабдықтар өндіру, пайдаланылған мотор майларын қайта өңдеу және басқа да салаларда бірлескен инвестициялық жобалар іске асырылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00