Еуропалық сарапшылар елдегі соңғы өзгерістерді талқылады
«Қазақстандағы жүйелі реформалар-елдің дамуына жаңа серпін береді». Брюссельдегі «Euroactiv» медиапорталында өткен жиында еуропалық сарапшылар елдегі соңғы өзгерістерді саралады. Гибридті форматта өткен шараға еуропалық сыртқы істер қызметінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен қазақстандық саясаткерлер қатысты. Шетелдік сыншылардың пайымынша, ауқымды бастамалар – әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ сарапшылар Президенттік сайлаудың қорытындысын да талқылады. Астанадағы бірнеше сайлау учаскесінде болған байқаушылар саяси науқанның ашық, әрі әділ өткенін айтады.
Альберто Тюркстра, Дипломатиялық әлем институтының сарапшысы:
Халықтың 81 пайызының Президент Тоқаевқа дауыс бергені қоғамдық пікір саясатының жемісті жүргізілгенінің дәлелі. Қазақ қоғамының белсенділігіне куә болдық. Енді жеті жылға сайланған Президент елдің дамуын тежеп келген монополияны жойып, технократ жастармен бірге Қазақстанды көркейтуге бағытталған реформаларды жүзеге асырады деген сенімдеміз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38

Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
VIII съезд жұмысын халықаралық делегаттар жоғары бағалады
18.09.2025, 20:01
Дін адамзатты біріктіру құралы ретінде пайдаланылуы тиіс
18.09.2025, 19:58
Алатау қаласы тұрғындарға жайлы өмір сыйлайды
18.09.2025, 19:56
Президент «Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті
18.09.2025, 19:53