Павлодардағы ауыл шаруашылық фермасы 500 млн теңгеге жуық қаржыны мемлекетке кері қайтарады
Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауыл шаруашылық фермасы 500 млн теңге субсидияны мемлекетке кері қайтаратын болды. Себебі «Крон-Агро» шаруашылығы жем-азық дайындайтын цехты салғанда, құрлыс талаптарын сақтамаған. Ал субсидия дәл осы нысан үшін бөлінген болатын.
Қала аумағында орналасқан тауарлы-сүт фермасы бұған дейін де тұрғындардың наразылығын тудырып келді. Жағымсыз иіске тұншыққан жұрт қанша шағымданса да, тексерулер оң нәтиже бермей келген еді. Ферма құрылтайшыларының бірі облыстың экс -әкімі Болат Бақауовтың туыстары.
Ақеділ Ибраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен Крон-Агро серіктестігі арасындағы инвестициялық субсидияландыру туралы келісім құжатын сот заңсыз деп тапты. Шаруашылық енді 489 млн 788 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын мемлекет есебіне қайтаруы тиіс.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17