Шығыс Қазақстанда боранға байланысты бірнеше бағытта жол жабылды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 38-60 шақырымы және Өскеменнің іргесіндегі Новотроицк бағыты көліктің барлық түрі үшін жабық. Бұл аймақта қатты боран соғып жол мүлде көрінбей тұр. Сондықтан төтенше жағдай мамандары халықтың алыс жолға шықпауын ескертеді.
Ұйытқыған боран шығысты ғана емес Жетісу өңірін де әбігерге салды. Дәл қазір «Үшарал-Достық» халықаралық автокөлік жолының 84- тен 184-ші шақырымына дейінгі бөлігі жабылған. Бұл Көктұма мен Достық стансияларының арасы.