Боранға байланысты жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боранға байланысты жолдар жабылды

27.01.2014
Боранға байланысты жолдар жабылды
 

Еліміздегі бірқатар өңірде ақтүтек боран басылар емес. Соның салдарынан, республика бойынша бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.

 
Ауа райының тұрақсыздығына байланысты Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Астрахань», «Ақтөбе-Орск»,  «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» бағыттары бойынша көлік қозғалысы  тоқтатылды.
 
Сондай-ақ, Қарағанды облысында да «Алматы-Екатеринбург», «Қызылорда-Павлодар», «Жезқазған-Петропавл» бағыттары бойынша тас жолдар жабылды.
 
Ал Қостанай облысында көліктердің барлық түрлерінің «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай», «Жезқазған-Петропавл», «Жітіқара-Қамысты-Лермонтовка», «Денисовка-Жітіқара-РФ шекарасы» бағыттары бойынша   қозғалысы шектелді. Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы алдағы күндері сақталатын болады
 
Нұрсәуле  Қуандықова,  «Қазгидромет»  РМК-ның  жетекші инженер-синоптигі:
Арктикалық ауа массалары ықпалындағы антициклонның Қазақстанға енуіне байланысты соңғы күндері батыс аймақтарда түнгі температура -28, -36 градусқа, солтүстік және орталықта -35, -40 градус, Оңтүстік Қазақстан облысында -23, -28, шығыста -25, - 30 градусқа дейін төмендеді. Жамбыл және Алматы облыстары оңтүстік циклонның әсерінде болғандықтан, қар жауып, бұрқасын соғып, жел күшейеді, түнде температура -10, -15 градусқа дейін төмендейді.

Хабарламаларға жазылу