Астанадан шығатын барлық бағыттардағы жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан шығатын барлық бағыттардағы жолдар жабылды

26.12.2014
Астанадан шығатын барлық бағыттардағы жолдар жабылды

Боранға байланысты Астанадан шығатын барлық бағыттарда жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК мәліметінде хабарланды.

Атап айтқанда, «Астана-Петропавл» жолының  18-231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралағында жол жабылды.

«Екатеринбург-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Атбасар мен Астана учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

Ал «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымындағы Астана мен Павлодар облысы шекарасы аралығындағы жол жабық.

Бұдан бөлек,  «Астана-Киевка-Теміртау» жолының Астана мен Қарағанды облысы шекарасы учаскесінде көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Сонымен қатар  «Екатеринбург-Алматы» жолының  1275-1353 шақырымындағы Астана мен Қарағанды облысы аралығы жабық.

Боранға байланысты «Астана-Қорғалжын» тасжолында қозғалыс шектелді.

Хабарламаларға жазылу