Ақмола облысында боран соғып, бірнеше бағыттағы жол жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында боран соғып, бірнеше бағыттағы жол жабылды

15.02.2022

Ақмола облысында қатты боран соғып, бірнеше бағыттағы трасса жабылды. Жолға шығып кетіп, қар құрсауында қалғандар бар. 

Ермек Елберген, тілші:

Кеше кешкілік уақыттан бастап Ақмола облысында 116 адам уақытша жылыну орындарына жеткізілді. Олардың 14-і бала. Бұл -  боранға байланысты жолдардың ашылуын күткен жолаушылар. Ал қар құрсауында қалған көліктерден 7 адам құтқарылды. Олардың 3-уі Целиноград, 4-і Қорғалжын ауданында. Сондай-ақ, бүгін Көкшетау қаласында 1-ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқып жатыр. Кеше басталған ақтүтек боран бүгін таң ата бәсеңдеді. Қазір облыс аумағындағы барлық жол ашық. Өңірде алдыңғы күні де қолайсыз ауа райы орнап, бірнеше жол апаты тіркелді. Соның бірінде 3 адам көз жұмды.

Хабарламаларға жазылу