Аяз бен боранға байланысты 5 облыста жол жабық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяз бен боранға байланысты 5 облыста жол жабық

01.02.2014
Аяз бен боранға байланысты 5 облыста жол жабық

Қатты аяз бен боранға байланысты еліміздің 5 облысында жолдар жабылды. Алматы аймағында көктайғақтан Үшарал - Достық, Сарыөзек - Көктал, Алматы - Екатеринбург және Алматы - Астана тасжолдарында қозғалыс тоқтатылды.
 
 Шектеу Ақтөбе облысындағы Ақтөбе - Ор, Самара - Шымкент, Қарабұтақ - Комсомольский, Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз жолдарында да қойылды.
 
 Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жолдар жабық. Мамандар үскірік аяз бен боран кезінде алыс сапарға шықпауды ескертеді.

Хабарламаларға жазылу