Бразилия Сербияны 2:0 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия Сербияны 2:0 есебімен жеңді

25.11.2022

Футболдан Қатар елінде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі қыза түсті. Алғашқы турда көшбасшы саналған кейбір командалар ұпайсыз қалды. 

1-турды түйіндеген Бразилия мен Сербия арасындағы ойын болды. Бірінші таймда оңтүстік америкалықтар толықтай ойын тізгінін өз қолдарында ұстады. Сербия қорғаныста шебер ойнап, бес дүркін әлем чемпиондарына гол соққызбады. Дегенмен ойынның екінші бөлігінде бразилияқтар қарсылас қақпасынан саңылау тауып кетті. Есеп 1:0 ге өзгерді. Кездесудің 73 минутында Ришарлисон есепті еселеп, екінші рет көзге түсті. Сербия қанша тырысқанымен, тіпті Алиссонның қақпасына дәл соққы жасай алмады. Осылайша Тите шәкірттері 2-0 есебімен жеңіске жетті.

Ерсін Ерік



Хабарламаларға жазылу