Таразда волейболдан ерлер сайысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда волейболдан ерлер сайысы басталды

11.03.2014
Таразда волейболдан ерлер сайысы басталды

Бүгін Тараз қаласында волейболдан Ұлттық лига командалары арасында ерлер бәсекесі басталды. Сайысқа 8 команда қатысуда.

 
4-ші тур ойындары аясында турнир кестесінде жеке-дара топ бастап келе жатқан Оралдың «Конденсаты» алғашқы кездесуінде «Атырау» волейболшыларын 3:1 есебімен жеңді.
Солтүстік Қазақстан облысының «Есілі» Хромтау қаласының «ҚазХром» командасын 3:1 есебімен ұтып, үш ұпайға қол жеткізді.
 
Жарысы наурыздың 20-на дейін жалғасады. Сондай-ақ «ШығысСвинецСтрой» командасы өте тартысты өткен ойында Павлодар ұжымын 3-2 есебімен жеңді. 
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу