Инчхон-2014. Қазақстандық теннисшілер Өзбекстан құрамасын ұтып, финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық теннисшілер Өзбекстан құрамасын ұтып, финалға шықты

23.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық теннисшілер Өзбекстан құрамасын ұтып, финалға шықты

Инчхондағы Азия ойындарында теннисші Александр Недовесов пен Андрей Голубев Қазақстан құрамасын финалға алып шықты.

Жартылай финалда қазақсандық теннисшілер Өзбекстан құрамасымен өте тартысты ойын өткізді. Бірінші ойында Александр Недовесов Фарух Дустовты 2:0 (6:3; 6:4) есебімен жеңді. Алайда Михаил Кукушкин Денис Истоминге 1:2 (6:4; 3:6; 4:6) есебімен есе жіберді.

Шешуші жұптық ойында Андрей Голубев пен Александр Недовесов өзбекстандық Фарух Дустов және Денис Истоминге қарсы ойнап, жеңіске жетті. Есеп: 2:1 (6:7; 7:5; 6:4)

Осы жарыстың 1-ші нөмірі саналатын еліміздің ерлер құрамасы Үндістан спортшыларын (6-шы нөмір) 2:0 есебімен ұтты.

Александр Недовесов Санама Кришана Сингхты 7:6 (5), 7:6 (3) есебімен ұтса, Михаил Кукушкин Юки Бхамбриді 6:2, 6:7 (8), 6:1 есебімен жеңді.

Фото: today.kz

 

 

Хабарламаларға жазылу