Бразилияда 2021 жылғы Америка кубогі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда 2021 жылғы Америка кубогі басталды

14.06.2021

Мұхиттың арғы жағында да аяқдод додасы қыза түсті. Бразилияда 2021 жылғы Америка кубогі басталды.

Топтық кезеңнің алғашқы ойын күні Бразилия мен Венесуэланың ойыншылары кездесіп, алаң иелері 3:0 есебімен ойсырата жеңді. 23-минутта Маркиньос бұрыштамадан көтерілген допты қақпаға салып, есеп ашса, 64-минутта Неймар пенальтиден тағы бір гол салды. Ал 89-минутта Габриэл Барбозо есепті 3:0-ге жеткізіп, қарсыластарға мүлдем мүмкіндік қалдырмады.

Бұдан кейін Колумбия мен Эквадор құрамасының ойыншылары кездесті. Қауіпті сәттерге толы матчтың 42-минутында есеп ашқан Эдвин Кардона. Бұдан кейін де гол салуға мүмкіндіктер болғанымен, есеп өзгерген жоқ. 1:0. Қазір Колумбия мен Бразилия командаларында үш-үш ұпайдан бар.


Хабарламаларға жазылу