Қазақстан су добынан әлем чемпионатында Бразилияны жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан су добынан әлем чемпионатында Бразилияны жеңді

23.06.2022

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті.

Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 10:6 есебімен жеңді. Енді олар ертең Жаңа Зеландиямен ойнайды.


Хабарламаларға жазылу