Қоғам қайраткерлері де дауыс беріп жатыр
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында халықтың белсенділігі жоғары. Қарапайым қазақстандықтармен қатар белгілі қоғам қайраткерлері де дауыс беріп жатыр. Астанадағы №372 учаскеге экс-сенатор Әділ Ахметов пен Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров отбасымен бірге өз таңдауын жасауға келді. 11 мыңнан аса халқы бар Интернацоналды тұрғын алабындағы учаскеге ғарышкер Тоқтар Әубәкіров отбасы, немерелерімен келіп, дауыс берді.
Тоқтар Әубәкіров, қоғам қайраткері:
Үлкен мемлекет үшін. Дұрыс, дүзу мемлекет үшін, мынау балалардың болашағы болуы үшін, немерелердің болашағы болуы үшін бәріміз келіп дауыс беруіміз керек.
Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Ет жүрегі ел деп соққан әрбір азамат бүгінгі күні біздің ұлан-ғайыр Қазақстанымызда үйде жатпауы керек. Міндетті түрде дауыс беруі керек менің ұғымымда. Себебі, президент сайлау бұл – президент, болашақ мемлекет басшысы – біздің конституциямыздың кепілі, біздің тәуелсіздігіміздің кепілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24