Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлауда дауыс бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлауда дауыс бере алады

14.11.2022

Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар президент сайлауында дауыс беруге мүмкіндік алды. Ол үшін азаматтар сайлау күні дауыс беру учаскесіне келіп, сол ғимаратқа бір күнге тіркеуге тұруы керек. Солайша, дауыс беру құқығына ие болады. Премьер-Министр «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына осындай толықтыру енгізді. Онда тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі делінген. Аталған қаулыға 22 қазанда қол қойылып, бүгінде қолданысқа енгізілді.

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу