Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дауыс беру басталды

10.01.2021

Сонымен елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы басталды. Ал батыс өңірлерінің тұрғындары уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беруге бір сағаттан кейін кіріседі. 

Айта кетейік, елімізде 12 миллионға жуық сайлаушы бар. Олар кешкі 20:00-ге дейін өз таңдауын жасауы тиіс. Ол үшін еліміз бойынша 10061 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Әркім өзінің тұрғылықты жері бойынша тіркелген сайлау учаскесінде ғана дауыс бере алады. Ал азаматтың қолында есептен шығару куәлігі болса, ол басқа елді мекендердегі сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.

Досжан Маратұлы

сайлау 2021 парламент сайлауы

Хабарламаларға жазылу