Қазақстанда президент сайлауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда президент сайлауы басталды

09.06.2019

Қазақстандықтар бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9 970. Шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске жұмыс істейді.

Шетелдегі учаскелердің дені Ресейде ашылғалы отыр. Отандастарымыз Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дауыс бере алады, Қазақстанның Астрахань, Қазан, Омбы және Санк-Петербургтегі бас консулдығы мен консулдықтарының жанынан тағы төрт сайлау учаскесі ашылады.

Орталық сайлау комиссиясынан тікелей байланысқа шыққан Ұлттық арна тілшісі Ербол Мәндібек баяндайды.

 

Хабарламаларға жазылу