Украинадағы сайлау учаскелері жұмыс істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы сайлау учаскелері жұмыс істемейді

14.11.2022

Кезектен тыс президент сайлауында Украинадағы сайлау учаскелері жұмыс істемейді. Егер Қазақстан азаматтары таңдау жасағысы келсе, Молдоваға немесе Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ ол үшін елшіліктерге алдын ала хабарлауы керек. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ, қазақстандықтар әлемнің 53 елінде дауыс бере алады. Шетелдегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан аса отандасымыздың дауыс беруге мүмкіндігі бар. Ведомство өкілінің айтуынша, дауыс беру 20 қараша күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-ден, кешкі 20:00 аралығында өтеді. 

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу