Сыр өңіріндегі халықаралық автодәлізде өлім-жітім көбейді
Сыр өңіріндегі республикалық маңыздағы автожолдарда көліктердің соқтығысуы жиілеп, өлім-жітім көбейген. Әсіресе, «Батыс Еуропа-БатысҚытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда мен Арал аралығындағы тасжолында жыл басынан бері 50-ге жуық жолаушы апатқа ұшырап, көз жұмды.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Арғы басы Қытай мен бергі басы Еуропаны жалғайтын халықаралық трассаның Қызылорда мен Ақтөбе облысы аралығына екі жолақты тар жол салынған. Кезінде жобалаушылардың жолды кеңейтуге тарылғанынан, қазір аймақ жұртшылығы осы тасжолдан зардап шегіп келеді. Статистикаға сүйенсек, бұл қауіпке толы трассада күніне кем дегенде бір көлік апаты тіркеледі.
Күрежолда күніне 10 мыңға жуық автокөлік әрі-бері өтеді. Соның ішінде, халықаралық тасымалмен айналысатын жүк көліктерінің ағыны көп. Бірінің артынан бірі еріп, мына керуен құрған алып «фуралар» жол көлік оқиғасына бірден-бір себепші. Өйткені, тар жолда жүйткіген жеңіл автокөліктер олардан озу үшін қарсы бағытқа шығып, жүргізушілер басын қауіп-қатерге тігуге мәжбүр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Облыстағы елді мекендердің басым бөлігі халықаралық автодәліздің бойында орналасқан. Сондықтан, жолдың айналасында жайылған төрт-түлік көп. Жол жиегінде қоршау болмаған соң, мал да өзі тар тасжолдың үстіне шығуға құмар. Биыл трассада мал қағып, жан тапсырғандар күрт өсіп отыр. Әсіресе, түнгі уақытта жүру өте қауіпті.
Елмен елді жалғайтын күрежолдың осы аралығын облыс жұртшылығы 4 жолақты етіп жол кеңейтуін сұрайды. Ел Үкіметі бұл мәселеге тез арада назар салып, қолға алмаса ешқандай қауіпсіздік сақталмаған тар тасжолда көлік апаты көбеймесе азаймасы анық.
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
