Семейде І Халықаралық MED-конгресс өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде І Халықаралық MED-конгресс өтіп жатыр

18.10.2022

Семейде І Халықаралық MED-конгресс өтіп жатыр. «Адам және медицинаның мултидисциплинарлық тәсілі» тақырыбындағы жиынға әлемнің әр түкпірінен денсаулық сақтау саласының ғалымдары, ірі орталық өкілдері мен университет мамандары жиналған. Екі күнге созылатын конференцияда Үндістан, Түркия мен Ресей сынды мемлекеттерден келген білікті ғалымдар өз тәжірибелерімен бөліспек. Сондай-ақ Семей қаласының көпсалалы ауруханаларында жоғары дәрежелі дәрігерлердің қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырлады. Конгресс отандық медицианының әлемдік деңгейде дами түсуіне ықпал етеді, -дейді ұйымдастырушылар.

Толқын Бөлегенов, медицина ғылымдарының докторы:

Медицинаның барлық салалары қамтылған үлкен форум болып жатыр. Бұл форумға тек қана ғалымдар ғана емес, тікелей халықпен жұмыс істеп жүрген дәрігерлер де қатысуда. Өздерінің қызметтік жұмыс барысындағы тәжірибесімен бөлісуде.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу